Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел тұрады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, жел тұрады

Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел жаяу бұрқасынмен болжанады. 

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен, Қарағанды облысында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, түнде және таңертең тұман болады.

Ақпарат көзі: emer.gov.kz