Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

Еліміздің басым бөлігінде күн жылы болады

Сынап бағанасы 5 градустан жоғары көрсетіп, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік өңірлерде 8-9 наурызда ауа температурасы 22 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 

Маржан Ғаббасова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Астана қаласы бойынша ертең ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде – 13-15, күндіз 0-2 градус аяз болады. 8 наурызда күндіз және тәулік бойы, 9 наурызда кей уақытта қар жауады. Ауа температурасы түнде – 10-12, күндіз 3-8 градус аяз болады. Алматы қаласы бойынша алдағы екі күнде ауа райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы болады.