Хабар телеарнасы

Қыс қаһары қайтар емес

Құтқарушылардың көмегімен қар құрсауынан 164 адам босатылды, оның 16-сы – балалар. Абырой болғанда жолаушылардың барлығы дін аман. Ауыларалық жолдар да қардан аршылды.

Евгений Журавлев, облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы:

-Жүргізушілер ескертуді елемей жолға шығады. Салдарынан діттеген жерлеріне жете алмай, айдалада қалып жатады. Сондықтан сақтық шаралары басты назарда болуы керек. Қазір аймақта ауа райы тұрақталып, барлық бағыттағы жолдар ашылды.