Хабар телеарнасы

Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Ақмола облыстарында бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде қатты бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде жел 23-28 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысында желдің күші 15-25 м/с болып, кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, таңертең тұман, басым бөлігінде жел кушейеді, күндіз кей жерлерінде 15-20м/с болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Маңғыстау, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, көктайғақ болады. Жамбыл облысының жекелеген аудандарында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күтіледі, түнде желдің екпіні жаяу 18 м/с болады.