Хабар телеарнасы

Еліміздің кей жерлерінде қар жауып, тұман, көктайғақ болады

Еліміздің кей жерлерінде қар жауып, тұман, көктайғақ болады

Тек республиканың солтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел 15-23 м/с күшейеді. 

Қостанай, Батыс Қазақстан, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде бұрқасын  болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында тұман болады. Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысында көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.