Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады. Тек республиканың батысы мен солтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.