Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Республиканың басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Тек батыста ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с , екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыс облыстарында кей уақытта 30 м/с аса күшейеді.  

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Қостанай  облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.  

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жел 17-22 м/с, екпіні 28 м/с күшейеді.