Хабар телеарнасы

Алдағы күндері ауа райы аязды болады

Алдағы күндері ауа райы аязды болады

Саида Бердібекова, инженер-синоптик:

-Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады және түнде дауылды ескерту жіберілді. 10 ақпанда Жамбыл, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында оңтүстік батыстан соққан желдің күші 15-20 метр секундқа дейін жетеді, кей жерлерде екпіні 23-28 метр секунд болады. 30 метр секундқа дейін жетуі мүмкін. Жамбыл облысында түнде 10 ақпанда таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болуы ықтимал және кей жерлерінде тұман мен көктайғақ байқалады. Республиканың басым бөлігінде осы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады. Сонымен қатар жел күшейеді, 15-20 метр секундқа дейін болады. Кей жерлерінде тұман мен көктайғақ байқалады. Ал ауа температурасы нормадан 5, 10 градус төмен болады. Ертең Астанада ауа райы жауын шашынсыз болады. Температура түнде 28-30 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 24-26 градусқа дейін күтіледі.