Хабар телеарнасы

Қазақстан территориясының басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/, екпіні 28 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, 15-20 м/с күшейеді. 

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел18 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз бұрқасын болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20м/с күшейеді.