Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде тұман. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде  көктайғақ болып, жел  күшейуі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-23 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, жел15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады.   Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі