10:00Әрі қарай: Кино «Глаза дракона»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады

  • Категория: Ауа райы
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз болады
Фото: фото: egemen.kz

Тек солтүстік-батыста  және шығыста тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, шығыста бұрқасын күтіледі.

Алматы облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Ақмола,  Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. 

Ақтөбе,  Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.  

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Сондай-ақ...