Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Тек республиканың батыс аймақтарында жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын  болып, жел  күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Түнде және таңертең  жел   15-20 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.  

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  Атырау, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде жел  15-20 м/с күшейеді. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.  

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында екпіні  22-27 м/с күшейеді.  

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, оңтүстік-батыс облысында кей уақытта 30 м/с күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.