Хабар телеарнасы

Жақын арадағы үш күнде құбылмалы ауа райы күтіледі

Жақын арадағы үш күнде құбылмалы ауа райы күтіледі

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның көптеген облыстары батыс циклонның ықпалында болады, ол еліміздің батысы мен солтүстігіне қар жаудыртып, боран соқтырып, жабырқаңқы ауа райын туындатады, ал оңтүстік аймақтарда температура жоғарылайды.  

Циклонның батыстан шығысқа қарай жылжуына қарай, температура көтеріліп, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда қар жауу күтіледі. 

Осылайша 10 және 11 қаңтарда солтүстік облыстарда күндізгі температура -7…-13ºС, оңтүстікте 0º ден +10ºС дейін болады деп болжанады. 

Қазақстан үшін оның солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейін едәуір созылған аумағы үшін мұндай қарама-қарсылық жылдың суық мерзіміндегі әдеттегі құбылыс болып табылады.