19:00Эфирде: Қорытынды жаңалықтар. Біздің мақсат
20:00Әрі қарай: Тұсаукесер! "Келінжан 4"
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 94
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

  • Категория: Ауа райы
Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталып, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты қар болып, оңтүстік жартысында жауын-шашын күтіледі.

Кей жерлерде жел бұрқасынмен күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с, кей жерлерінде 30 м/с аса күшейеді. Павлодар облысында бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде қатты болады, жел 15-20 м/с, екпіні 25, кей жерлерінде 30 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, жер 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-25 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады. 

Қостанай облысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау,Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман болады. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20  м/с, күшейеді.

 

Сондай-ақ...