Хабар телеарнасы

Қазақстан аймақтарының тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстан аймақтарының тұрақсыз ауа райы сақталады

Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел екпіні таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с аса күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.