Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қызылорда, Маңғыстау, Қарағаңды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 күшейеді. 

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.