Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Оңтүстікте кей жерлерде найзағай болады. Тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні – 23 м/с.

Жамбыл облысының кей жерлерінде де жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с жетеді деп күтілуде. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жаяу бұрқасыммен15-25 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде  тұман, көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады.