Хабар телеарнасы

Еліміздің батыс, солтүстік және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады

Еліміздің батыс, солтүстік және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде және таңертең  жел соғады, күші 15-20 м/с.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Түнде жел соғады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.