22:30Эфирде: «Қазақ хандығы» телехикаясы
23:30Әрі қарай: Кино. «Путь лидера. Железная гора»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Күз ортасына жетпей, күн суытты

Күз ортасына жетпей, күн суытты

Бүгін түс әлетінде Астанада құрғақ қар жауып, біраз бұрқасындатты. Бірақ тез басылды. Арқа төсі үшін бұл таңсық ауа райы емес, жылда осы кезде қайталанатын жағдай. Қызығы, еліміздің оңтүстік өңірлерінде де күн күрт суытты. 

Кеше Шымкентте нөсер жаңбыр жауып, арты қарға айналды. Көше бойындағы арықтарға су толып, ернеуінен асып, кей жерде жүргіншілердің тізесінен келетін су жиналған. 

Ал бүгін аспан ашылып, күн біршама жылыды. Тосын ауа райы тараздықтарды да біраз әбігерге салды. Алдымен жаңбыр, артынша жапалақтап жауған қар қаладағы ағаштарды сындырып, электр және телефон желілерін зақымдаған. Кейбір көшелерде  құлаған ағаштар жолдарды жауып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. 

Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша 7 автокөлік тал астында қалыпты. 

Ал кеше ғана ауа райы +15 градус шамасында болған Алматыда бүгін күн күрт суытып, қар жауды. Синоптиктер түнде 6 градусқа дейін суытады деп ескертіп жатыр.

Сондай-ақ...