Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, жел 15-20, екпіні 23 м/с-қа күшеюі күтіледі. Алматы облысының Алакөл көлдерінде жел 18-23 м/с-қа күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Атырау, Ақтөбе облыстарында түнде жел күшейеді. Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау, түнде Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өте қатты аяз сақталады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстараның кей жерлерінде қатты аяз күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет