Хабар телеарнасы

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 18-23, екпіні 30 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарында жаяу бұрқасын болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде де жаяу бұрқасын болып, желдің күші 18 м/с болады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі, Жамбыл облысында желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Қарағанды, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз сақталады.

Ақпарат көзі: Қазгидромет