Хабар телеарнасы

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, қатты жел тұрады

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, қатты жел тұрады

Оған Скандинавия түбегінде пайда болған антициклон себеп. Жалпы алдағы үш тәулікте еліміздің біраз өңірінде қар жауып, қатты жел тұрады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда бұрқасын болуы мүмкін. Ал «еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағында көктайғақ болады» деп ескертеді синоптиктер.

Гүлдәурен Есбосынова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі:

- Астана қаласы бойынша 11 қаңтарда қар жауатын болады. Бұлтты. Ауа температурасы 6,8 градус аяз және одан ары төмендеуі күтілуде. 12 қаңтарда ауа температурасы бізде -11,13 градус. Күндіз де, түнде де аяз күтілуде. 13 қаңтарда -18-20, секундына 15-20 метрге дейін желдің күшеюі күтілуде.