05:02Эфирде: «04:29» кино
×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 144
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

  • Категория: Ауа райы
10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Фото: RIA56

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады, желмен бірге бұрқасын болады, тұман, көктайғақ, тек қиыр оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қарағанды облысында жел – 15-20, кей жерлерде 25 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел – 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел – 15-20 м/с, жекелеген аудандарда бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, жел – 15-20, екпіні 23-28 м/с, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстараның кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с, Атырау, Маңғыстау облыстараның кей жерлерінде көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел, бұрқасын, көктайғақ болады. Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет

Сондай-ақ...