Хабар телеарнасы

Еліміздің кей өңірлерінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Еліміздің кей өңірлерінде жел күшейіп, көктайғақ болады

Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік  Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі  күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында,  түнде Алматы облысының кей жерінде тұман  күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.