Хабар телеарнасы

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Тек батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерінде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-23 м/с болады. Ақмола, Алматы,  Қостанай,  Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау,  Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ бақыланады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-қа күшеюі  күтіледі.

Ақпарат көзі: Қазгидромет