Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады
- Категория: Ауа райы

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батысында, оңтүстік-батысында және де шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды ауа райы сақталады.
Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, шығысында бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, түнде және таңертең тұман, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерде тұман күтіледі. Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.