Хабар телеарнасы

Жігер Сәрсен

Жігер Сәрсен

2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмәмдап, 2008 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономиалық университетін «Мемлекттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003-2004 жылдары «Қазақ радиосының» Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясына қарасты жаңалықтар қызметінде тілші, жүргізуші болып бастаған.

2004 – «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясында жаңалықтар қызметінің тілшісі;

2004-2009 – «Хабар» Агенттігі Бағдарламалар қызметінің редакторы, «Бизнес мекен» экономикалық бағдарламасының жүргізушісі;

2009-2014 – «Хабар» Агенттігі Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің тілшісі, Президенттік пул журналисі;

2014-2016 – «Хабар» Агенттігінің Америка Құрама Штаттарындағы меншікті тілшісі;

2018-2019 – Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы, баспасөз қызметінің жетекшісі;

2019 – «Хабар» Агенттігінде «Prime Time» бағдарламасының жүргізушісі;

2019-2021 – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Баспасөз хатшысы, Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы;

2020-2022 – «Хабар» Агенттігінің «Қорытынды жаңалықтарында» автор-жүргізуші.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Хабар» Агенттігінің Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметі, сараптамалық бағдарламалар бөліміне қарасты «Жеті күн» бағдарламасының автор-жүргізушісі болып еңбек етуде.

«Еуразия шеңбері» Халықаралық жастар ақпараттық форумының лауреаты. Біліктілігі, қажырлы еңбегі және «Хабар» Агенттігіне қосқан елеулі үлесі үшін 2011 жылдың «Үздік тілшісі» номинациясы бойынша Құрмет грамотасының, «Хабар» Агенттігінде 10 жыл адал еңбек еткені үшін» алтын төсбелгісінің иегері. Сондай-ақ журналистік жолдағы абыройлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің, ҚР Мәдениет және спорт министрінің, Астана қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.