Хабар телеарнасы

Мөлдір Доспаева

Мөлдір Доспаева

2012 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Қаржы және экономика» мамандығы бойынша, 2015 жылы «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білім алды.

Еңбек жолын 2009 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Павлодар филиалындағы ақпараттық-сараптамалық бөлімнің редакторы-жүргізушісі қызметінен бастады. 2010 жылы «Қазақстан-Павлодар» арнасындағы «Подиум» бағдарламасы үшін «Жылдың ең үздік шығармашылық жұмысы» аталымы бойынша аймақтық Журналистер одағы сыйлығының жеңімпазы атанды. Дәл сондай жүлделі орынды келесі жылы да «Ертіс жұлдыздары» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болғаны үшін иеленеді.

21 жасында «Аналитикалық ақпарат орталығы» ЖШС-нің Павлодар облыстық «Регион.кз» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.

2012 жылдан бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ қызмет етеді. «24.KZ» арнасының редакторы, «Әлеует», «Жасыл экономика», «Абайлаңыз, импорт», «Диджитал.KZ», «Құрылыс жобасы» жобаларының авторы әрі жүргізушісі болады. ҚР Президенттік пул журналисі болды.

2018-2019 жылдары Астана қаласы Оқушылар сарайындағы медиа-орталықта «Журналистика, тележүргізуші және сахна мәдениеті» авторлық үйірмесін жүргізді.

2019-2020 жылдары «Қазақконцерт»  МКҰ баспасөз хатшысы болды.

Бүгінгі таңда «Хабар» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі.