13:00Эфирде: «Шайқалған шаңырақ» телехикаясы
15:00Әрі қарай: «Большая неделя»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Біз туралы

Бүгінде «Хабар» ­қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын «Хабар», Ұлттық спутниктік телеарна Qazaq TV, тәулік бойы жұмыс істейтін ақпараттық телеарна «Хабар 24» және киноканал EL ARNA деген төрт арнаның телеотбасысы.

«Хабар» Агенттігі өзінің тарихын 1995 жылы Қазақ ТВ ақпараттық қызметінің базасында «Хабар» Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттігі құрылған кезден бастайды. Басқару органы – құрамында 7 мүшесі бар Директорлар кеңесі, оның 3-уі тәуелсіз директорлар болып табылады. Атқарушы орган – Басқарма.

Орташа тәуліктік хабар тарату: «Хабар» – 20 сағат, Qazaq TV – 24 сағат, «Хабар 24» – 24 сағат спутниктік хабар тарату және аналогты сигнал тарату, EL ARNA – 24 сағат.

Бізді Қазақстанның кез келген жерінен көруге болады, телеаудиторияны қамту 99% құрайды.

Агенттіктің ел өңірлері мен жақын және алыс шетелде дамыған тілшілер желісі бар. АҚШ, Ресей, Бельгия, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия және Өзбекстанда өкілдіктер ашылған.

Арналар таратудың эфирлік торларына жаңалықтар, сериалдар, көркем, деректі фильмдер және ең талапшыл аудитория сұраныстарын қанағаттандыра алатын бағдарламалар кіреді. Орташа тәуліктік хабар таратудың кемінде 55% мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.

26 жылдық шығармашылық жұмысы Агенттікке мемлекеттік, халықаралық және кәсіби марапаттар әкелді. Журналистер жұмыстары беделді EMMY телевизиялық сыйлығына ұсынылды, ал репортаждардың бірі Ресейдегі «Золотой глагол» байқауында Гран-при алды.

Еуразиялық телевидение және радио академиясының (Ресей) байқауларында жеңістер де бар, Еуразияның ақпараттық-мәдени кеңістігін дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін «Петр Великий» медалі бар.

Спорттық редакция қызметкерлері жоғары халықаралық кәсіби марапаттарға ие болды. «Город будущего» жастар бағдарламасының бірі Жапониядағы халықаралық фестивалінде әлемнің үздік бағдарламаларының ондығына кірді. Жақында Севастопольдегі халықаралық фестивалінде «Хабар» Агенттігінің бастамасымен түсірілген «Бауыржан Момышұлы» тарихи таспасы лауреат атанды.

Агенттік халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізуде, Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағының (ABU) толық құқықты мүшесі және Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) қауымдастырылған мүшесі болып табылады, бұл жыл сайынғы негізде түрлі конкурстарға, тренингтерге, шығармашылық жобаларға қатысуға мүмкіндік береді.